Норвегиялық ағайындылар биатлоннан өздерінің мықты екенін тағы да дәлелдеді

Олимпиада-2022 Сурет: Instagram/mukhin_aa
Әлемдік және норвегиялық биатлонның көшбасшылары Йоханнес Тинес Бе мен Тарьей Бе өздеріне тең келетін ешкім жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ағайындылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының спринтерлік жарысында алтын мен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz

12 ақпанда биатлоншылар арасында 10 шақырымға арналған екі нысананы көздеп ату бойынша спринтерлік жарыс өтті. Оған Қазақстаннан Александр Мухин мен Владислав Киреев қатысты.

Бұл бағдарламада алтын медалді норвегиялық Йоханнес Тинес Бе жеңіп алды, күміс медаль франциялық Кентен Фийон Майеге бұйырды, ал чемпионның үлкен ағасы Тарьей Бе қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық шаңғышылар нысанаға бір бірден ғана оқ тигізіп, мықтылар тізімінен шетте қалды. Александр Мухин 49-шы орын алды, ал Владислав Киреев 77 позициямен жарысты аяқтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз