Норвегиялық Рейсланд Олимпиада ойындарында төртінші рет жүлделі болды
Сурет: Instagram/marteolsburoiseland
Норвегиялық биатлоншы Марта Олсбю Рейсланд Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында марапаттар саны бойынша рекорд орнатты. 13 ақпанда оның қолында төрт медаль болды, оның үшеуі - алтын және біреуі - қола, деп хабарлайды Zakon.kz
Норвегиялық спортшы қазір жүріп жатқан биатлон бағдарламасының барлық төрт жарысының да жеңімпазы атанды.
13 ақпанда Марта әйелдер арасында 10 шақырымдық жарыста бәрінен басым түсті, жарыстың басынан бастап ол бір де бір қарсыласын алға шығармады. Нысананы көздеп атудан Рейсланд 20 оқтан біреуін ғана шығынға жіберді, осылайша ол Бейжіңнің үшінші алтын медалін еншіледі.
Күміс медаль швед Эльвира Бергке, ал қола медаль норвегиялық Тириль Экхоффқа бұйырды.
Қазақстандық Галина Вишневская-Шепоренко мәреге 52-ші болып келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript