Грузияда түнімен жер сілкінді: жеті бірдей дүмпу тіркелді

Грузия, Грузиядағы жер сілкінісі, жер сілкінісі Сурет: ies.iliauni.edu.ge
13 ақпанда Грузияның оңтүстігінде магнитудасы 6,2 болатын күшті жер сілкінісі болды. Одан кейін тағы алты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz

«Sputnik Грузия» агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 4,5-ке тең дүмпу де дәл сол жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы 11 шақырым тереңдіктен анықталған.

Грузияның Ұлттық сейсмологиялық орталығы атап өткендей, сонан соң дүмпулердің күші 3,1 баллға дейін төмендей бастаған, ал соңғы жер сілкінісінің магнитудасы 3,5 балл болыпты.

Алдымен жер сілкінісі көршілес елдерде – Арменияда 5 балл және Әзірбайжанда 3,5 балл тіркелгенін айта кеткен жөн.

Грузияда магнитудасы 7 балл болатын ең күшті жер сілкінісі 1991 жылы Рача және Имерети (Батыс Грузия) аймақтарында тіркелді. Жер сілкінісі салдарынан 270 адам қаза тауып, 100 мыңға жуық адам баспанасынан айырылды.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

Италия мен Грузияда жер сілкінісі болды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз