Жапония жағалауы маңында жер сілкінді
Сурет: pixabay
Жапония жағалауында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 34 мың адам тұратын Хирара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым қашықта. Ол Мияко аралында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 36 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.
Айта кетейік, 12 тамызда Индонезия жағалауында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript