Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

әкімнің орынбасары Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласы әкімінің өкімімен оның орынбасары болып Бақдәулет Сариев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақдәулет Сариев бұған дейін қала әкімінің аппаратын басқарған.

Сариев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және жастар саясаты салаларын қадағалайтыны атап өтілді.

Еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастады;

2015-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы;

2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз