Ауа райына байланысты «Екатеринбург – Алматы» тасжолы жабылды
Еліміздің солтүстік өңірінде – Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» автожолының 997-856 шақырымы, яғни Атбасар қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаске және «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-63 шақырымы – Жақсы кентінен Есіл кентіне дейінгі учаскеде шектеулер енгізілді.
Жалпы бұл күндері еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, қар жауады. Осыған байланысты жүргізушілерден жолдарда өте абай болуды сұраймыз.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы 332 рет жолдарда шектеулер енгізіліп, оларды тазартуға 1087 қысқы арнайы техника жұмылдырылған.
Желтоқсан айының басынан бері жол мамандарының күшімен 267-ден астам көлікке көмек көрсетілді. 82 көлік жылы бокстарға, 600-ден астам адам «Қазақавтодор» мекемесінің жылыту пункттеріне орналастырылды. Республика бойынша мұндай 133 пункті бар.
Күн суытқалы аталған мекеменің «1403» байланыс нөміріне түрлі сұрақпен жүгінгендер саны – 18 750-ден асты.