Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Тас жол, шектеу, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 18:42 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының бұзылуына байланысты 6 қарашада республикалық бірқатар тас жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. 

Сағат 18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды. 

Сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына да шектеу енгізілді. 

Сондай-ақ сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Бұған дейін 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашада республика бойынша ауқымды циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: