Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан әуежайында 10 рейс кейінге шегерілді

Елорда әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 10:32 Сурет: nn-airport.kz
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр. Бұл Қазақстан астанасындағы ауа райы жағдайына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов жолаушылар авиакомпаниялардың колл-орталықтары мен әуежайдың ақпараттық кеңсесінде ақпаратты нақтылауы қажет екенін айтты.

Елордадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан ұшып шығатын 10 рейс пен ұшып келетін 7 рейс кейінге қалдырылды.Әнуар Шалекенов

Сонымен қатар Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық тас жол жабылды. Кейбір жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Бұған дейін еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді. Синоптиктер 15 ақпанда боран соғып, екпінді жел соғады деп болжап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: