Алматы әуежайы қолайсыз ауа райында қалай жұмыс істеп жатыр

Әуежай Сурет: Zakon.kz
14 ақпанда Алматыда қар жауа бастады. 15 ақпан күні таңертең қалада 45 сантиметрге дейін қар түсті. Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлері қолайсыз ауа райы жұмысқа әсер еткен-етпегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Әуе айлағының мәліметінше, Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Межелі әуежайларда ауа райы жағдайына байланысты кешігулер бар, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты (қарлы нөсер) Lufthansa әуе компаниясының бір ғана рейсі (Алматы – Нұр-Сұлтан – Франкфурт) кешігіп қалды.

Қазгидромет болжамы бойынша, Алматыда қар 15 ақпанда күннің бірінші жартысында жауып бітеді. Ауа температурасы күндіз 0...-3°С болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан әуежайында 10 ұшып шығу рейсі, 7 ұшып келу рейсі кешігіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз