Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржы елге қайтарыла ма? Министр жауап берді

Шетелге заңсыз шығарылған қаржы, шетел, актив Сурет: pixabay
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат пен онда сатып алынған активтерді қайтару бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Шетелге заңсыз әкетілген және онда сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі ұсыныстар бойынша: бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру мақсатында ақпараттық алмасу бөлігінде халықаралық құқықтық база дайындалды. Атап айтқанда, қаржылық шоттар бойынша автоматты түрде ақпарат алмасу туралы көпжақты келісім шеңберінде 62 юрисдикциядан ақпарат алу рәсімделді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Cондай-ақ ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылып жатқанын мәлімдеді.

Капиталды елге қайтару және шетелге, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға қаражаттың кетуіне қарсы бағытталған шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар дайындалуда.Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз