Алматы облысында облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Боран, тас жол жабылды, облыстық маңызы бар жолдар Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облысында күшті қарлы боран салдарынан облыстық маңызы бар Алматы – Өскемен – Қапал – Арасан тас жолы жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран) облыстық маңызы бар Алматы – Өскемен – Қапал – Арасан тас жолының 0-45 шақырымы учаскесінде 15 ақпан күні сағат 9:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Сонымен қатар, осы тас жолдың Қапал ауылына кіреберісіндегі 0-16 шақырымы жабық.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ауа райының нашарлауына байланысты таңғы сағат 4:00-ден бастап Сарыөзек – Көктал – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ тас жолының 0-94 шақырымы, сондай-ақ Аралтөбе, Оңжас, Қаспан, Қарымсақ, Майтөбе ауылдарына кіретін жолдар жабылғанын хабарлады.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен – Үшарал қаласы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы (558-615 км) тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз