Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдар уақытша жабылды

Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдар уақытша жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 11:19 Сурет: видео скрині/төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Бұл туралы Астрахан ауданы ТЖБ бас маманы Рүстем Бімжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда, қардың жаууы мен температураның төмендеуі себеп болып отыр.

Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы мына учаскелерде көлік қозғалысы шектелді:

  • "Екатеринбург – Алматы" 1080-1140-шақырым (Колутон станциясы – Новочеркасское ауылы);
  • "Егіндікөл – Жолан" 0-61,3-шақырым;
  • "Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке" 43-119,2-шақырым;
  • "Жалтыр – Макинск" 0-38-шақырым,
  • "Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке" 0-43-шақырым,
  • "Новочеркасское – Егіндікөл – Қайнар" 0-52-шақырым.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: