Сотталғандар арасында отбасын құрушылар саны артып келеді
Бас бостандығынан айыру орындарында неке қию сирек жағдай емес. Көптеген түзету мекемелерінде неке тіпті сотталғандарға оң әсер етеді. Олар сотталушы тәртібінің үлгілі болып, мерзімінен бұрын босатылып шығуына ынталандырады. Некелесу себебі – көбінесе туыс емес адамдармен кездесуге тыйым салынуы. Бірнеше жыл күтуге дайын адамдар жоқтың қасы. Әйелдердің сотталған жігітпен некеге тұруының себебі – азаматтық және ресми жарының құқықтарындағы айырмашылық. Азаматтық жарына тек мекеме қызметкелерінің қатысуымен қысқа мерзімді кездесуге (2 сағат) мүмкіндік берілсе, заңды әйелі ұзақ мерзімді кездесуге (2 тәулік) мүмкіндік алады.СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов
Оның айтуынша, сотталушылардың көбі бостандықта жүрген кезде кездескен адамдарымен отбасын құрады екен.
Сотталған Олег пен Антонина 15 жылдан бері таныс. Екеуінің де бірінші некелерінде жолдары болмаған. Бірге жұмыс істеген, жылдар өте келе арадағы достық сезімі махаббатқа ұласыпты. Екі жыл азаматтық некеде тұрып, үйленуге бел буғанда, Олег «ұрлық жасау» бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Антонина сүйіктісін тосуға шешім қабылдап, ақыры екеуі некені заңдастырды.
Бақыттымын, күтуге дайынмын. 5 жыл өте шығады, уақыт өткінші.Антонина
Айта кетерлігі, ер адамдарға қарағанда, сотталушы әйелдер темір тордың арғы жағында жүріп, тұрмыс құруға асықпайтын көрінеді. Мәселен, өткен жылы Петропавл қаласының әйелдер колониясында тек 2 сотталған әйел отбасын құрған.