Нұр-Сұлтан әкімдігі сауда орталығы ғимаратын үнем үшін сатып алғандарын айтты

Жалға алу Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты 30-дан астам ұйымы мен басқармалары жеке тұлғалардан үй-жайларды жалға алады. Осы себепті жалға алынған орындарға жыл сайын 1 миллиард теңгеге жуық ақы төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалдау құны жыл сайын өсетініне назар аударсақ, бұл сома көбейе береді, сондай-ақ осы айтылғандарды және осы ұйымдардың түрлі аудандарда орналасқанын ескерер болсақ, басқармалар мен әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жеке бір ғимарат қажет.

Осы жағынан алғанда, «Sine Tempore» ғимаратын сатып алу арқылы қаражатты үнемдеп қана қоймай, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді (ғимарат қалалық әкімдіктің жанында орналасқан). Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Айта кету керек, 2020 жылы екі компания аталмыш нысанға бағалау жүргізді. Оның негізінде бір компания 12,6 млрд теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 млрд теңгені көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 9,5 млрд теңге көрсетілген болатын.

Ұсынылған ең төменгі сомаға ғимаратты сатып алу қалалық мәслихаттың келісімімен жүзеге асырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз