Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан полициясы үндеу жолдады

Алаяқ, Нұр-Сұлтан , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 11:37 Сурет: Zakon.kz
2021 жылы елорда аумағында интернет-алаяқтар бойынша 600-ден астам іс ашылып, бірнеше адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желілерде әсіресе онлайн-сатып алуға байланысты алаяқтардан зардап шеккендер көбейген. Пысықайлар жалған жарнамалар жасап, ұялы телефон, жиһаз, алтын бұйымдары және басқа да тауарларды айтарлықтай жеңілдіктермен сатуда.

Мәселен, елордада пәтерлерді жалға беруші 8 тұлға ұсталды, олардың ішінде 32 жастағы әйел де бар. Ол жалған құжат жасап алып, бір күнде 25 астаналыққа өткізіп, 800 мың теңге олжалаған. Қазіргі уақытта алаяқ әйел тергеу изоляторында.

Сондай-ақ Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны120 адамды алдап, спорттық ставкалар арқылы ақша табуға уәде берген. Арамзалардың енді бір тобы, адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып, карталарынан ақша жымқырған.

"Олх" және "Колеса" жеке хабарландырулар сайтының пайдаланушылары да зардап шекті. Осы сайт арқылы жоқ тауарды саудалаған. Мұндай әрекеттерден 400 азамат зардап шекті.Нұр-сұлтан Қ. ПД баспасөз қызметі

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті мынаны ескертеді:

  • банк карталарының деректері мен CVV-код, құпия сөзді ешкімге айтпаңыз;

  • тауарды алмай жатып, ақы төлемеңіз.

  • онлайн-кредиттердің рәсімделуін болдырмау үшін өзінің дербес деректерді бөгде адамдарға бермеңіз;

  • тауарды, ақшаны көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспаңыз;

  • көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеру (olx-жеткізу, жылжымайтын мүлікті жалға беру, мөлшерлемелерде ақшаны жылжыту және т.б.).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: