Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тікұшақ түріндегі дрондардың бірегей өндірісі іске қосылды

Қазақстандық өндіріс, дрон, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 12:31 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасында алғаш рет жүктердің әртүрлі нұсқаларын пайдалану мүмкіндігі бар «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Дрон-тікұшақтар «SC Tech» ЖШС құрастыру-сынау кәсіпорны базасында бақылау сынақтарын жүргізе отырып өндіріледі және жиналады.

Бұған дейін компания әуе нысандары мен әскери ұшақтарды жасаумен айналысқан. Мысалы, ұшақ түріндегі ұшу аппараттары әуе шабуылына қарсы қорғаныс ӘШҚ әскерлерінің бөлімшелерін жаттығу және оқыту мақсатында қолданылды. Ағымдағы кезеңде, біз өз топтамамызды кеңейте отырып, өнеркәсіптік және азаматтық секторларға арналған пайдалы жүктеменің түрлі нұсқаларын 7 килограмға дейін пайдалану мүмкіндігі бар Қазақстандағы алғашқы тікұшақ түріндегі дрондарды таныстырамыз. Бұл тікұшақ түріндегі дрондар әртүрлі қажеттіліктер үшін қолданылуы мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, осы құрылғымыз тапсырыс берушілер мен мемлекеттік органдар күткеннен асып түседі. «SC Tech» ЖШС директоры Ардақ Бектасов

 «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі дрондар экономиканың өнеркәсіптік және азаматтық секторларының қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Болашақта техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қазақстандық кәсіпорында шығарылатын осы дрондардың көмегімен мына қызметтерді атқаруға болады:

  • орман, су шаруашылығы объектілерінің экологиялық мониторингін жүргізу;

  • электр энергетикасы, мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының, құрылыс объектілері мен тау-кен өндіру кәсіпорындарының инспекциясы;

  • ТЖ алдын алу және ауқымын бағалау үшін мониторинг жүргізу;

  • жетуге жолы қиын аудандарға шағын көлемді жүктерді шұғыл жеткізу;

  • қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу және т.б.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: