Жаңалықтар тізбегі
0

«Қайрат» пен «Зенит» Нұрәлі Әліпті жалға алу жөніндегі келісімге қол жеткізді

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 23:34 Сурет: fc-zenit.ru
"Қайрат" пен "Зенит" футбол клубтары қазақстандық Нұрәлі Әліпті жалға алу жөніндегі келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының футболшысы (Нұралы Әліп – ескерту) 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығын сақтай отырып, жалдау құқығы негізінде "Зенит" футбол клубына қосылды."Зенит" ФК баспасөз қызметі

Нұрәлі Әліп 1999 жылдың 22 желтоқсанында Ақтау қаласында дүниеге келген. Сегіз жасында жергілікті «Каспий» командасында футболдың алғашқы әліппесін ашты.

2015 жылдан бастап «Кайрат» академиясына ауысып, үш жылдан кейін алматылық клубтың негізгі құрамында тұсаукесер ойынын өткізді. Қазірге дейін ол «Қайрат» құрамында 99 ойын өткізген. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына бес гол соғып, әріптестеріне төрт нәтижелі пас берді. Команда құрамында ел чемпионы атағына ие болып, екі мәрте Қазақстан кубогына қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізіп үлгерді.

Биылғы жылдың қаңтарында «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Atlantic Cup кубогында Данияның «Мидтьюлланд» және «Брондбю» командалары қақпасына екі гол соқты. Ол өзінің жаңа клубында 28 нөмірлі жейдеде ойын көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: