Алматыда "Қайрат" пен ресейлік "Зениттің" жолдастық кездесуі басталды

"Қайрат" футбол командасы, Зенит, Алматы, жолдастық кездесу , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 17:13 Сурет: "Қайрат" ФК
Алматыда "Қайрат" пен Санкт-Петербургтің "Зенит" футбол командасы арасында жолдастық кездесу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Командалардың соңғы ойындарына келетін болсақ, Қазақстан Премьер лигасында "Қайрат" "Каспиймен" ойнап, (1:1) тең ойын көрсетті, ал Ресей чемпионатында "Зенит" "Сочиді" 2:0 есебімен жеңді. Егер "Қайрат" пен "Зениттің" бұрынғы кездесулері туралы айтатын болсақ, онда олар 2020 жылы жолдастық кездесу өткізген. Ол кезде "Зенит" 3:1 есебімен жеңген болатын. 

"Қайрат" ФК-ның бастапқы құрамы: Устименко, Каримов, Баньяк, Васин, Арад, Сейдахмет, Сергеев, Крачковский, Швырев, Жуан Паулу, Шушеначев.

"Зенит" ФК-ның бастапқы құрамы: Васютин, Караваев, Чистяков, Ренан, Круговой, Сутормин, Коваленко, Ерохин, Ду Кейрос, Мостовой, Изидор.

Бұл ойынды "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады. Тікелей эфир Астана уақыты бойынша сағат 16:50-де басталды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: