Бюджет қаражатын жымқырған «Демеу» орталығының қызметкерлеріне үкім шықты

Қаржы мониторингі агенттігі, бюджет қаражатын жымқыру Сурет: Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Демеу» орталығының бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, айыпталушыларға психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді. Сот үкімімен айыпталушылар сотталып, оларға екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

2021 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "QAMQOR" жедел алдын алу шарасы аясында 5 қылмысты тіркеген.

Жалпы анықталған шығын 32 миллион теңгеден асты.ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз