Алматыда 28 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
Сурет: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zакon.kz
Мердігер «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС мен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 млн теңгеден астам сомаға «Бас Қарасу» өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Алайда ЖШС басшысы 2019 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасының көмегі арқасында орындалған жұмыстар актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Бөлім басшысы К.Воропаев пен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысы Е.Исаев 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript