"Samruk-Kazyna Construction" бұрынғы басқарушы директоры іздеуге жарияланды: 170 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу, АФМ РК, Агентство по финансовому мониторингу, финансовый мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 12:12 Фото: АФМ РК
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарушы директоры мен "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметінше, олар "Көк-Төбе" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

2022 жылғы қаңтарда "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген.

"Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел бұзушылықтармен жүргізілген. Ал аванс күдіктілер тарапынан құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған." ҚМА баспасөз қызметі

Сонымен қатар, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: