Тоқаевтың қаңтар оқиғасы туралы сұхбаты «Еуразия» бірінші арнасында көрсетіледі

Сұхбат береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 14:47 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында елде орын алған қайғылы оқиғалардың себептері туралы сұхбат береді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысының сұхбаты Еуразия бірінші арнасында сағат 21:40-та көрсетіледі.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, сондай-ақ Қазақстанның негізгі сыртқы саясаттағы әріптестерімен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін беретін екінші сұхбаты. Біріншісі 29 қаңтарда «Хабар» және «Хабар24» телеарналарында көрсетілді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары туралы сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Президент алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен қарым-қатынастары туралы айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: