Нью-Йоркте екі жыл бұрын жоғалып кеткен қыз атасының үйінен табылды

Нью-Йорк жоғалған қыз Сурет: видеодан үзінді
Алты жасар Пейсли есімді қызды туған әке-шешесі екі жыл бойы атасының үйінде жасырын ұстап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Reuters агенттігінің жазуынша, әке-шешесін ата-ана құқығынан айырылғандықтан, қызды басқа адам асырап алған. Алайда биологиялық әке-шешесінің ата-ана құқығынан неліктен айырылғаны белгісіз.

Қала полициясының бастығы Джозеф Сенгара бұл жағдайдан кейін қызды туған ата-анасына қайтару тіптен қиындай түсетінін айтып отыр.

Пейсли 2019 жылы жоғалып кеткен. Содан бері қыз атасының үйінде тұрып келген. Полицейлер қызды іздеп ол үйге бірнеше рет барғанымен, еш нәтиже болмаған.

Арада екі жыл өткенде қызды байқампаз офицер тауып алыпты.

Детектив баспалдаққа бірнеше қайтара шыққан. Сол кезде баспалдақтар дұрыс тұрмағандай көрінген. Анықтап қарағанда, баспалдақ арасындағы кеңістіктің жабық екенін байқаған. Әдетте баспалдақтар олай салынбайды. Қолшамын жағып, баспалдақтың астына жарық түсіргенде, көрпешеге ұқсас бірдеңені байқаған. Тақтайды ашып едік, қыздың аяғын көрдік. Полицияс бастығы Джозеф Сенгара

Құқық қорғау органдарының қызметкері оны полицейлер барғанда ғана баспалдақтың астындағы шкафқа тығып қойған болуы мүмкін деп отыр.

Пейсли заңды қамқоршысына қайтарылды.

Нью Йорк, жоғалған қыз

Сурет: видеодан үзінді

Ал оның туған әке-шешесі мен атасы бұл әрекеті үшін сотқа тартылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз