«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы сайланды

"Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы, кәсіпкерлер, бизнес Сурет: "Атамекен" ҰКП баспасаөз қызметі
Райымбет Баталов «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Райымбек Баталов «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде көпшілік дауыспен төралқа төрағасы болып сайланды.

Барлық делегаттарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтқым келеді, палатаны бірге реформалау үшін бар күш-жігерімді салатыныма кепілдік беремін, жаңа палатада бірге жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік.Райымбек Баталов

Айта кетерлігі, 2010 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарып келді. Осы жылдың 17 қаңтары күні қызметінен кетті.

Райымбек Баталов 17 ақпан күні төралқа төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Райымбек Баталов 1970 жылы Алматыда дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

• «Ridder Invest» металлургиялық кешенінің басқарушы директоры;

• «Новоджамбул фосфор зауыты» химия кешенінің басшысы;

• Шымкент 3-ЖЭО Мерк қаласындағы қант зауытының Тобыл элеваторының меңгерушісі;

«Райымбек» сауда компаниясының негізін қалаушы, «Райымбек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы (1992 жылдан)

Басқа лауазымдар:

• Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (2002);

• Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінің басшысы (2005);

• Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі (2007);

• Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті (2009);

• Қазақстан Республикасы Премьер-министрі төрағалық ететін Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі (2010 жылдан);

• Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы, Мәскеу қ. (2012 жылдан);

• ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы (09.2015 ж. бастап);

• Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті (2015 жылдан);

Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті (03.2017 ж. бастап)

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушы (02.2022 ж. бастап)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз