Депутаттар тергеу изоляторында отырған азаматтармен кездесті

Қаңтар қақтығысы, қаңтар оқиғасы, мәжіліс, мәжіліс депутаты Сурет: Zakon.kz
Тергеу амалдарының ашық әрі әділ жүруін қадағалау мақсатында мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшелері Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали Қызылорда қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz

Онда қаңтар оқиғасына байланысты күдікті деп танылып, тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтармен және олардың жақындарымен кездесті.

Жеке қабылдауға келген азаматтар қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторында қамауда жатқан азаматтардың жағдайы туралы баяндады.

мәжіліс депутаттары, тергеу изоляторы, қаңтар қасіретінде жапа шеккендер

Сурет: ҚР парламанті мәжілісінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында мемлекет тарапынан берілетін адвокаттар мәселесі де терең талқыланып, қамауда жатқандардың туыстары ақылы адвокаттарды жалдауға қалталары көтермейтінін жеткізді.

Бүгінгі тергеу изоляторында мен анық айта аламын ондай қорлық көру, олардың құқығын таптау деген орын алып отырған жоқ. Біз тергеу амалдарына араласу ойымызда жоқ. Тек, мына расымен де адасқан, жаңсақ басқан жастардың қылмыскерлердің қатарын толықтырмаса екен, әділдік болса екен деген оймен келіп отырмыз.Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов

Жеке қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарымен танысқаннан кейін, депутаттар Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілдерімен де кездесті. Қызылорда облыстық прокурорының орынбасары Д.Катаев, Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Б.Нұрмағамбетов және арнайы прокурорлар басқармасының басшысы А.Әлімбаев тергеу изоляторында қамауда отырған күдіктілер бойынша және құқық қорғау органдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде түсініктеме берді.

Қызылорда облыстық прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес күдікті деп ұсталған азаматтарды ұрып-соғу және олардың денсаулықтарына зиян келтіру деректері бойынша қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, бұл жиынға Қызылорда қаласының адвокаттар коллегиясының адвокаттары да қатысты. Депутаттар тарапынан жеке қабылдауда болған азаматтардың арыз-шағымдары жинақталып, Бас прокурордың қарауына ұсынылатындығын және азаматтардың заңды құқықтарының қорғалатындығы түсіндірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз