Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар келді

Тергеу изоляторын депутаттар аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 12:30 Сурет: Policia.kz.
Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, Аматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты тергеу изоляторына Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер келіп, ұсталғандардың жағдайымен танысты.

Парламент мәжілісінің депутаттары А.Линник, А.Қожахметов, Б.Дүйсенбинов, Г.Бижанова, В.Набиев, Н.Раззақ және Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Абылкасимова, адвокаттар Ж.Сапарханова мен Н.Жазылбеков тергеу изоляторының режимдік корпустарында болып, күдіктілердің жай-күйін көріп шықты.

Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н.Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Д.Қанатбеков ЛА-155/18 мекеменің (тергеу изоляторы) қызметін ұйымдастыру және қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді.

Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: