Жаңалықтар тізбегі
0

Мақсат Қиқымов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 15:09 Сурет: atameken.kz
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Қиқымов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының, "Тұран" университетінің түлегі. Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2012 жылдары аралығында "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, "Астана-финанс" Банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру және бизнес-процестер басқармасының бастығы, "Кредит Алтын Банк" АҚ Бас бухгалтер-Басқарма мүшесі, "Bank RBK" АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.

2012-2015 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Басқа лауазымдар:

2016 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

2017 жылғы қазан — 2018 жылғы тамыз аралығында Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2012-2015 жылдар аралығында "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің, "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі, "Алматы жылу желілері" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазақ күресінен республикалық федерацияның мүшесі.

Марапаттары:

"Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі — 2018" республикалық байқауының жеңімпазы. "Қазақстанның үздік қаржыгері" (2014) медалімен, "Құрмет" орденімен (2016), "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен (2016), "Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен (2019), "ҚР Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен (2020) марапатталған.

Бұған дейін Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті деп хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: