КВИ-мен ауырғандардан қан қысымының «секіруі» тіркеліп жатыр

Коронавирус инфекциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2022 17:55 Сурет: Zakon.kz
Иммунолог Николай Крючков бұл симптомның COVID-19-бен ауырып, емделгендерде жиі кездеседі деп санамайтынын, бірақ аракідік осындай жағдайлар анықталатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz
"Қан қысымы "секіруі" мүмкін. Бұл жиі кездесетін симптом емес, керісінше бас ауруы жиі байқалады. Қан тамырларының, жүректің және мидың зақымдануы – мұның бәрі әр деңгейде қан қысымының жоғарылауына әсер ете алады. Адамда семіздік, қант диабеті бар-жоғын тексеру керек. Егер адам жақында COVID-19-бен ауырып, жазылған болса әрі одан физикалық немесе психоэмоционалды ауыртпалықтар аңғарылмаса, онда, әрине бұл коронавирустың әсеріне байланысты болуы мүмкін", – деді Крючков Ura.ru-ға берген сұхбатында.

Маман қан қысымының жоғарылауын коронавирустың салдарына жатқызу үшін басқа аурулардың, психоэмоционалды және физикалық ауыртпашылықтың, сондай-ақ созылмалы аурулардың белең алуын болдырмау керек екенін атап өтті.

Бұл үшін, Крючковтың айтуынша, бірқатар диагностикалық процедураларды жүргізу қажет.

Вакциналау – коронавирус инфекциясының таралуымен күресудің ең тиімді әдісі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: