Қырыққабат қан қысымының алдын алады - ғалым
![Дәрігер кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2021 13:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-bba87386-3a37-4061-bfb4-acc14580d542/800x451.webp)
Rg.ru мәліметінше, қырыққабатта фосфор, магний, калий дәрумендері бар, ал беткі қабаттағы жапырақтарында бета-каротин көп, ол ағзада көздің қабілетін жақсартатын, шырышты қабықтардың, ішкі ағзалардың саулығына әсер ететін, суықтың алдын алуда қажетті А дәруменіне айналады. Фолий қышқылы қызыл қан клеткаларының өніп шығуына, жасушалардың бөлінісіне қажет.
U дәрумені, әсіресе маңызды ағза – ішек пен асқазанның қалыпты жұмысы үшін қажет. Ал К витаминінің коагуляциялық қасиеті бар, ол қан кетуді тоқтатуға көмектеседі. Кальцийдің бай мөлшері сүйектер мен тістерді қатайтуға ықпал етеді.
Қырыққабат антидепрессант болып шықты: оның психикалық қозуды басатын қасиеттері бар.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір дәрі-дәрмек немесе дәрілік сипаттағы өнімді қабылдамас бұрын маманнан кеңес алуды сұраймыз.