Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар тісжегіге қарсы кәмпит ойлап тапты

Ауыз қуысы, тісжегі, кариес, АҚШ, ғылым, стоматология, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 13:23 Сурет: pixabay
АҚШ ғалымдары тісжегімен күресетін және тіс эмалін нығайтатын кәмпиттер ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Росбалт" басылымының жазуынша, Вашингтон университетінің ғалымдары ACS Biomaterials Science & Engineering басылымында арнайы кәмпиттің көмегімен зақымдалған эмальді қалпына келтірудің жаңа әдісі туралы материалдар жариялады.

Нақтырақ айтар болсақ, ғалымдар арнайы ақуыз тізбегін – sADP5 әзірлеген. Бұл тізбек тіс минералын құрайтын кальций мен фосфат иондарын ұстап, оны жаңа минералды микроқабаттар түзу үшін пайдаланылады. Нәтижесінде эмальдағы бос орындар осы қабаттармен толтырылып, жоғалады. Жүйке жүйесі мен қан тамырлары жаңа қорғаныс қабатын алады,содан тіс ауырмайды. Дегенмен, ол жоғары температура мен механикалық зақымдануға қарсы тұра алғанымен, эмальдің орнын толыққанды баса алмайды, 

Клиникаға дейінгі сынақтарда бұл ақуыз тізбегі хош иістендірілген кальций фосфатымен қоса кәмпиттерге енгізілді. Болашақта пептидті тіс пастасы сияқты ауыз қуысы күтіміне арналған кез келген өнімге қосуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: