Жаңалықтар тізбегі
0

Көшеде шулаған жастар Алматы тұрғындарын үрейлендіріп жіберді

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 12:32 Сурет: Zakon.kz
20 ақпан күні Алматыда Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында жиналған бір топ адам айқайлап, қауіпсіздік қызметкерлерін ұрып-соққан. Мұны көрген тұрғындар үрейленіп, сол маңнан тезірек кетуге тырысқан. Кейіннен мұның бәрі түсірілім үшін жасалғаны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл көрініске куә болғандардың айтуынша, түсірілім туралы парақшалар бір апта бұрын пайда болған. Бірақ ол хабарландыруда жауапты тұлғалардың қолы жоқ. Түсірілім кезінде жолдар жабылмаған, патрульдік көліктер де, ұйымдастырушылар да болмаған.

Ал мұндай қорқынышты көріністі көрген халық үрейленіп кетті. Жүргізушілер жол ережесін бұзып, сол маңнан тезірек кетуге асыққан. Кейіннен продюсер Олжас Ермекбаев болған оқиғаның мән-жайын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады. Продюсердің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, мұндай тәртіпсіздік Алматы тұрғындарының «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі ерлігі туралы түсірілім үшін ұйымдастырылды.

Біздің ұжым түсірілім процесіне дайындық жұмысын бір айда ұйымдастырды. Алматының мемлекеттік органдарына алдын ала хабарланды. Түсірілім басталғанға дейін, екі апта бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар ете бастадық. Хабарландырулар ілінді. Өкінішке қарай, шынайы болуы үшін Алматыдағы көшелердің бірін таңдауға тура келді. Халық арасында толқу қаупін азайту үшін демалыс күнін арнайы таңдадық және бұл процесті мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтауға тырыстық.Олжас Ермекбаев

Продюсердің сөзінше, түсірілім орнында барлық қауіпсіздік шарасы қабылданды. Түтін мен дыбыс үшін пиротехниканың минимал құралдары қолданылған. Түсірілім әкімшілігі өтіп бара жатқан адамдарға хабарлауға бар күш-жігерін салды.

«Түсірілім жүріп жатыр» деген жазуы бар баннерге арнайы тапсырыс берілді. Алматы тұрғындарын алаңдатқанымыз үшін кешірім сұраймын.Олжас Ермекбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: