Алматыда мас бұзақылар СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, наручники, оружие, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 13:04 Фото: Zakon.kz
Алматыда 22 ақпан күні таңертең мас күйдегі бір топ ер адам қала көшелерінің бірінде жанжал туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі ақпарға сүйенсек, оқиға Назарбаев даңғылында сағат 05:00 шамасында болған.

"СОБР-дің кезекшіліктегі үш қызметкеріне үш ер адам шабуыл жасады, олар мас күйде болды... ...Агрессияға қарамастан, СОБР қызметкерлері жоғары кәсіби шеберлік пен жауапкершілікті көрсете отырып, физикалық күш қолданбады...",- деді желіде тараған бейненің авторы.

Полиция бейнеге қатысты түсініктеме берді.

"Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы шаралар қабылдады. Құқық бұзушылар ұсталып, қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі",-деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда жұмыртқа импортына тыйым қайта енгізілуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: