Синоптиктер 22 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

тұман түседі Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, ал солтүстікте – бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында – желдің екпіні 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында – жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады, облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында – жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында – жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында – тұман, түнде шығыста, облыс орталығында көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз