Алматыда 61 жастағы есірткі сатушысы ұсталды

Қылмыстық оқиға Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Есірткі сатушы есірткіні көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысқан 61 жастағы азамат болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шараны жүргізбес бұрын біздің бөлімшенің қызметкерлері жедел және арнайы шаралар кешенін жүзеге асырды.

Дәлелдемелік база жеткілікті көлемде жинақталды. Күдікті күндізгі уақытта гараж кооперативтерінің бірінің аумағында ұсталды. Біздің мәлімет бойынша, күдікті сатуға дайындалған қылмыстық затты сол жерде сақтаған. Тінту кезінде гашиш салынған 13 бума, марихуана салынған 13 бума, ПМ-9мм тапаншасының бір патроны, 740 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша, 1 150 доллар, 50 еуро табылып, тәркіленді.  Тәркіленген зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов

Есірткі қылмысы

Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция шаһарға шөпті жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткі сатушының тұрақты тұтынушыларының шеңберін анықтайды. Ал Г. есімді азамат УҰИ-ға қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз