Украина Путиннің мәлімдемесінен соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің көмегіне жүгінді

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 22:48 Сурет: pixabay
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба өз елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгініп, Будапешт меморандумы аясында қауіпсіздік бойынша консультациялар өткізуді сұрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Twitter-де жазды.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің тапсырмасы бойынша, Будапешт меморандумының 6-бабы негізінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттерге ресми сауал жолдадық. Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба

Ресми сауалда Украина "шиеленісті жағдайды азайту және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің практикалық қадамдары бойынша шұғыл шаралар" бойынша дереу кеңес беруді талап етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: