Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 09:43 Сурет: president.gov.ua
Киев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады. Белгілі болғандай, отырыстың күн тәртібіндегі тақырып — "Украинадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау", деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы БҰҰ-дағы дереккөзге сілтеме жасай отырып РИА Новости басылымы жазды.

"Украина Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының 34 және 35-баптарына сәйкес Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады", — деп мәлімдеді дереккөз.

Киев сұраған отырыстың нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Украина мұндай отырыс сұрауын Ресей Қарулы күштерінің астанаға жасаған шабуылдарымен түсіндіріп отыр.

Бұған дейін Зеленский Ельциннің қызына және Путиннің экс-жұбайына қарсы санкциялар енгізгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: