Елімізде алтын құймаға сұраныс артқан

Инвестиция Сурет: ҚР ҰБ баспасөз қызметі
Өткен айда ішкі нарықта 68 келіден аса алтын сатылған. Яғни, бұл -1 771 құйма, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доллар тағы қымбаттады. Қазақстан қор биржасының мәліметінше, бір тәулік ішінде теңгенің 1 долларға шаққандағы бағасы 1,56 тиынға өскен. Бүгін АҚШ долларының орташа бағамы - 428, 32 теңге, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.

Өткен айда ішкі нарықта 68 келіден аса алтын сатылған. Яғни, бұл -1 771 құйма. Қазір ел ішінде алтын ең тиімді инвестиция көзі болып тұр. Саудаға оның 5, 10, 20, 50 және 100 грамдығы шығарылады. Соның ішінде бағалы металдың 10 және 100 граммдығына сұраныс жоғары.

Айта кетейік, алтынды сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған. Оны екінші деңгейлі банктер мен банктік емес арнаулы ұйымдар жүзеге асырады. Ұлттық банктің дерегінше, осы аралықта жалпы көлемі - 3 тоннаға жуық алтын сатылған. Енді жер қойнауын пайдаланушылар өз міндетін дұрыс атқармаса, олармен арадағы келісімшарт тоқтайды. Ал кен орындары аукционға шығарылады. Жаңа инвесторлар іздестіріледі.

Аукцион өткізу туралы ақпарат міндетті түрде басылым беттері мен интернет ресурстарында жарияланады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша қазір үкімет тексеру жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз