Елімізде баспанаға сұраныс азайған
Сурет: pixabay
Елімізде баспанаға сұраныс азайған. Қаңтарда ел бойынша небары 33 мың жылжымайтын мүлік сатылған, деп хабарлайды Zakon.kz
Qazaqstan.tv мәліметінше, сату-сатып алу саны желтоқсанмен салыстырғанда үш еседей, яғни 65 пайызға азайып отыр.
Сарапшылар бұған негізінен қаңтар оқиғасы әсер еткен дейді. Өйткені банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен нотариустар біраз уақыт жұмысын тоқтатқан еді. Десе де баға өсіп барады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше қаңтарда жаңа үйлердің шаршы метрі 2,1; қолданыста болғандардыкі 2,8 пайызға қымбаттаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript