Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ғалымдар «мұзжарғыш» ойлап тапты

Қазақстан, Қазақстан ғалымдары, ғалым, жол, қыс, мұзжарғыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 17:28 Сурет: ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары қыста жолдарды тазалауға арналған қуат үнемдейтін құрылғы ойлап тапты. Отандық өнім осыған дейін қолданыста болған шетелдік аналогтарға қарағанда бірнеше есе арзан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұзжарғыштар қазірдің өзінде «Евротехсервис-К» ЖШС, «Өскемен тазалық» ЖШС сияқты кәсіпорындарда қолданылып келеді.

Коммуналдық қызметтердің жұмысында ең қиыны – асфальттағы мұздың соңғы қабатын алу. Егер оны фрезерлік машиналармен алатын болсақ – қазып немесе кесіп алсақ, онда жол төсенішіне зақым келуі мүмкін. Соның кесірінен асфальт нашарлап, пайда болған жырыққа су жиналуы мүмкін. Ал су жол бетін бүлдіріп тастайтыны анық. Яғни, біз мұздан да толық құтылмадық, жол төсенішін де сақтап қала алмадық. Жол жабынын сақтап, мұзды сындыру міндеті тұрды. Сол үшін мұзжарғышты ойлап тауып, құрастырдық. Мұзды толығымен сындыратын күштер мен режимдер есептеліп, жолдың немесе жаяу жүргінші жолының беті толығымен аман сақтап қалдық.Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ машина жасау мектебінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Михаил Дудкин

Дудкин мұқият тазалау әдісін жаппай қолдану жыл сайынғы жолдарды жөндеуге кететін бюджет шығынын азайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, өнертабыстың өзі арзан жоба саналады.

Конструкция үлкен шығындарды қажет етпейді және жол щеткасымен бірге оңай жұмыс істей береді, яғни жұмыс механизмінің өзі ғана ауыстырылады. Бұл құрылғының бағасын айтарлықтай төмендетеді.Техника ғылымдарының докторы Михаил Дудкин

Айта кетерлігі, басқа компаниялар да отандық өнімге қызығушылық таныта бастаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: