Көзге көрінбейтін QR-кодтарды таңбалайтын технология ойлап табылды

Ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2022 15:23 Сурет: pixabay
Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары көзге көрінбейтін QR кодтарын ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метадеректері бар ілмек сөздерді (тегтерді) қолдану технологиясы Infrared Tags деп аталады, делінген мекеме сайтында.

InfraredTags инфрақызыл сәуле арқылы көрінетін штрих әрі QR кодтарды тудырады. Таңбалар нысандарға 3D-принтердің көмегімен жазылады. Басып шығару үшін инфрақызыл сәуле өткізетін арнайы пластик қолданылады.

Зерттеушілер жаңа өнімді әртүрлі заттарда қолдануға болады деп санайды, сондықтан тұтынушы камераны оған жақындату арқылы белгілі бір қысқа ақпараттан қаныға алады. Ғалымдар болашақта бұл кодтар киімге немесе басқа тұрмыстық заттарға басылатындығын атап өтті.

Ал "көрінбейтін" кодтарды оқу үшін смартфондарға инфрақызыл камерасы бар арнайы қондырғы қолданылады. Таңбалар инфрақызыл сәуле арқылы көрінетін арнайы жіппен жасалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: