Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда педофил мен шартты түрде сотталғандарға электронды білезік тағылады

Жаңашылдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 20:43 Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі электрондық білезіктердің көмегімен жалтаруға бейім есепте тұрған адамдар мен педофилдерді қадағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, жаңашылдық 1 наурыздан бастап өз күшіне енеді.

Сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке басын сипаттайтын мәліметтерді қамтитын электрондық бақылау құралдары қолданылатын адамдардың тізімі жасақталады. Бұл ретте бас бостандығын айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталған адамға қатысты – электрондық бақылау құралдарын бір жыл мерзімге, ал шартты түрде сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау сотының қаулысымен белгілі бір мерзімге ұзарту мүмкіндігін қолдана отырып, шешім қабылданады. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Құрылғыларды пробация қызметі орнатады. Сотталғандарға жабдықтың бүлінгені үшін жауапкершілік туралы алдын ала ескертіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: