Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда ҚАЖД-ның аға уәкілетті өкілі жаппай азаптау бабы бойынша сотталды

Түрме, сотталушыларды азаптау, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, әділет капитаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 17:17 Сурет: pixabay
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық прокуратурасы 18 қазанда аталған қызметкер ҚР Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылғанын нақтылады. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.

"Сотталушы "әділет капитаны" арнайы атағынан айырылды. Ол Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді. Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді", делінген ведомство хабарламасында.

3 сәуірде Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша №62 мекеменің және Ұлттық Ұланның №6505 әскери бөлімінің 11 қызметкері сотталушыларды төмендету мақсатында 11 сотталушыны азаптағаны белгілі болды. Мұны жасыру үшін күдіктілер басшылыққа сотталғандар бағынбай, бүлік шығарды деп есеп берген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: