Биткоин криптовалютасын қолдану харам ба

Биткоин, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, шариғат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 17:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімін негізге ала отырып, шариғатта биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шариғат бойынша қандай да бір ақша негізге алынуы үшін мемлекет тарапынан шығарылуы керек және оның кепілдігі мен қорғауында болуы шарт.ҚМДБ өкілі Хасан Аманқұл

Оның жазуынша, биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол  – мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдармен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін.

Биткоинның процесстері көбіне жасырын жүзеге асады. Бұл өз кезегінде шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады.

Биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін.Хасан Аманқұл

Оның айтуынша, Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар биткоин криптовалютасын пайдалануға тыйым салған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: