Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

тұман, бұрқасын, көктайғақ Сурет: Ақмола облысының Полиция департаменті
Синоптиктердің болжауынша, 24 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сонымен бірге Қарағанды, Жезқазған қалаларында тұман болады.

24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында және Петропавлда аздаған бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігін тұман басады.

24-26 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

24 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысын тұман басады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және Ақтөбе қаласында да тұман.

24 ақпанда батыста, шығыста, Атырау облысының орталығында және Атырау қаласында тұман болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз