Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Мысыр президентімен телефон арқылы сөйлесті

Халықаралық саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 19:59 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz
Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Ақорда сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.

Дегенмен, бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қазақстан Президенті мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр халқына алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Сұхбат соңында Мемлекет басшысы Мысыр Президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: