Бөкей ордасы ауданында жолды қар суы шайып кетті

жол жоқ Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында еріген қар суы жолды шайып кетті. Бұл бағыттағы жол жабылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан телеарнасының мәліметінше, оқиға Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының маңында болған. Еріген қар суы республикалық жолдың екі бөлігін бұзып өткен.

Әрі жаңбырдан кейін жол езіліп, ми батпаққа айналған. Тіпті, жолда көмекке келген тракторлар да батып жатыр.

Айта кетейік, бұл аумақта асфальт жабынды жол жоқ. Жолаушылар, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің күшімен жол жиегіне 40 қап төселіп, судың ағысы тоқтатылды.

Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл тек жолдың бір бөлігінде, яғни 157- шақырымында істелген жұмыс. Ал екінші бөлігінде қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр.

Бөкей ордасы ауданы Оралдан 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Әлі күнге дейін қатқыл табанды жол салынған жоқ.

Республикалық маңызы бар жол құрылысы былтыр аяқталуы тиіс еді. Алайда, түрлі себептермен жол құрылысы келесі жылға ысырылды.

Сондай-ақ ауа райына қатысты тағы бір ақпарат - Шығыс Қазақстанда бүгін қар көшкіні болуы мүмкін. Құтқарушылар таулы аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз