Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа Олимпиада дайындығына бөлінген қаржы аудитіне қатысты мәлімет берілді

Аудит, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 19:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Президентке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы мәлімет берілді. Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Наталья Годунова Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудиттің аяқталғанын, арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындыққа және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілгенін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент жаңа экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту аясындағы Есеп комитетінің қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: