Есеп комитетінің экс-мүшесі ҚР Президенті іс басқармасындағы лауазымға ие болды

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 15:34 gov.kz
9 қыркүйекте Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанды қызметінен босатқан болатын.

Есеп комитетінің экс-мүшесі Талғат Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына барды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ басшысы: Жақан Талғат Амангелдіұлы, делінген ҚР Президенті істері басқармасының хабарламасында.

9 қыркүйекте Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанды қызметінен босатты.

Талғат Жақан 2007 жылғы шілдеден қазан айына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды;

2007 жылдың қазанынан 2010 жылға дейін - ҚР Парламенті Сенаты Аппарат жетекшісінің орынбасары;

2010 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

2012 жылдың наурызынан қазанына дейін - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін - ТМД Атқару комитетінің қаржы департаментінің директоры (Мәскеу);

2016 жылдың 16 қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: