Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 15:14 Ж.Құспанов
Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады", деп жазды Мәжіліс спикері Твиттер-дегі аккаунтында.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкімімен Парламент Палаталарының Бірлескен отырысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шақырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: