Жан беріп, жан алысқан айқас: Қанат Ислам кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді

Кәсіпқой бокс Сурет: Instagram/islamkanatqazaq
26 ақпанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте бақ сынап, британдық спортшы Джеймс Килрэйн Келлиден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтті. Боксшылар он раундтан тұратын орта салмақтағы WBO Global титулы үшін таласқа түсті.

Жан беріп, жан алысқан айқас 10 раундқа созылды, нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіс британдық Келлиге бұйырды.

Осылайша Қанат Ислам өзінің кәсіби мансабында алғашқы жеңілісімен бетпе-бет келді. Бұл - оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 29-шы жекпе-жегі. Ал Англия өкілі 26-шы рет өз жеңісін тойламақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз